Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында кеше аудан әкімінің міндетін атқарушы Арнұр Нұрмағанбетов өңір тұрғындарын кезектілікке сәйкес жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген жалағаштықтар бірнеше мәселелерімен, нақтырақ айтсақ, тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй салу мақсатында жер алу кезегі бойынша жүгінді.
Көтерілген жеке мәселелерге заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нақты жауап берілді. Нәтижесінде тұрғындардың ұсыныстары назарға алынып, алдағы уақытта жауапты сала басшылары заң аясында жұмыс жасайтын болады.
Тұрғын үй беру бойынша заң аясында кезек тәртібімен берілетіні айтылып, баспанамен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілетіні жеткізілді.
Сонымен қатар бірқатар жұмыс сұраушыларға бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.
«ЖЖ» ақпарат
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!