Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Бейсенбі, 02 мамыр, 04:27

Баға бақылауда болады

14.08.2023

108

0

Соңғы уақытта күнделікті тұрмыста қажетті әрі ең маңызды азық-түлік тауарларының бағасы тұрақталмай тұрғаны жасырын емес. Десе де елімізде Үкіметпен осы мәселе бойынша бірқатар оңтайлы шешімдер қабылданып, жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бір қуантарлығы, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өспеген. Осы орайда Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте осы нәтижелер мен алдағы күнтізбелік жылға арналған қорларды қалыптастыру процесі қаралды.

ҚР СИМ Сауда комитеті ӘКК жа­сасқан шарттарды талдау нәти­же­лерін ұсынды, оның барысында ор­таша са­тып алу бағалары және осы жұмысқа тиісті жауапкершіліксіз қара­ғандар анық­талды.

– 134 шартты талдап, ел бойынша орташа сатып алу бағаларын анық­тадық, картоп – 113 теңге, сәбіз – 108 теңге, пияз – 107 теңге, қы­рыққабат – 97 теңге. Бұл бағалар соңғы емес, өйткені ӘКК шарттарға на­рыққа байланысты бағаны өзгерту ту­ралы тармақ қосқан», – деді Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков.

Сонымен қатар еліміздің бас сауда ведомствосы жүргізген талдау кә­сіп­­керлерге несие беру шарттарын жасау кезінде ӘКК көбінесе кіріспе де­ректердің сапасыз ресімделуіне жол беретінін анықтаған, бұл баға белгілеуді терең тал­дау мен бол­жауды қиындатады. Атап айт­қанда, кө­лем (тонна), өнім пози­циялары бойын­ша, сатып алу, бөл­шек сауда баға­лары, бағалар, сома, пайыз­дық мөл­­шерлеме, бағаны тұрақ­тан­дыру кезеңі, қарызды өтеу және өнімді жет­кізу кестелері, бөлшек сауда үшін сауда орындарының тізімі және т.б. мәліметтер көрсетілмейді. Мы­салы, «KOKSHE» ӘКК» АҚ 2023 жылы 22 ақ­панда сатылатын өнім кө­ле­мін көр­сетпей, картоп бойынша маусым­аралық бағаны тұрақтандыру үшін 200 млн теңге несие шартын жасасқан.

– Сондай-ақ біз көптеген шартта құпия ұстау және ақпаратты жария етпеу бөлімі бар екенін анықтадық. Бұл тар­мақтар қолданыстағы заң­намаға қай­шы және талдау жүргізу үшін шарттар алу­ды қиындатады, – деді Айдар Әбіл­дабеков.

Серік Жұманғарин ӘКК-дегі шарт­тар­дың құпиялылығы туралы кеңеске қаты­сушыларға жүгінді.
– ӘКК шарттарында қандай құпия­лы­лық болуы мүмкін? Бұл – бюджет қаражаты. Ауыл шаруашылығы ми­нис­­трлігіне бұл мәселені бақылауға алып, барлық шартты қайта жасауды тап­сы­рамын. Қажет болған жағдайда тауар­дың нақты бағасы, атауы және саны көрсетілген бірыңғай шарт әзірлеу ке­рек. Айдың соңына дейін барлық өңір 3 айлық көлемнің 30 пайыз көлемінде күріш бойынша келісім-шартқа отыруы тиіс. Тағы да айта кетейін, азық-түлік ин­фляциясы ішкі нарықтағы бағаға тікелей байланысты, ол тек қажетті қор көлемі қалыптасқан кезде ғана реттелетін болады, – деді вице-премьер.

Күзде жиналатын көкөністі фор­вард­тық қаржыландыру барысы ту­ралы ауыл шаруашылығы вице-ми­нис­трі Ер­бол Тасжүреков айтып берді.

Вице-министрдің айтуынша, қа­зіргі уақытта өңірлер «айналым схе­ма­сында» қант зауыттарымен шарт­тарды ұзарту бойынша жұмыс жүр­гізуде. Бү­гінгі таңда келісім-шарт­тардың көлемі – 44,9 мың тонна, ал қажеттілік – 25,3 мың тонна. Батыс Қазақстан 12 пайыз, Қарағанды 26 пайыз, Шығыс Қа­зақстан 56 пайыз және Алматы 86 пайыз облыстарын қоспағанда, елі­міз­дің өңірлерінің барлығында дерлік ұсынылған қорлар қалыптасты.

Күрішке келетін болсақ, Қызыл­орда облысында өткізілген жәрмең­кенің қоры­тындысы бойынша бүгінгі таңда 12 өңір орташа алғанда 400 теңгеге 7,8 мың тоннаға келісім-шарт жасасты, ал ел бойынша қажеттілік – шамамен 21 мың тонна.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: