Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Дүйсенбі, 22 шiлде, 01:41

   Безгек – қауіпті  паразитарлық  ауру

13.06.2024

553

0

       Безгек ауруы – бұл ауру науқас адамнан дені сау адамға безгек масасының шағуы арқылы жұғатын паразитарлық ауру болып табылады.Безгек ауруын кеңінен тараған аймақтардан жұқтырып келіп,ауру ошағының жергілікті жерлерде және әрі қарай қалыптасуына және тасымалдағыштар арқылы таралуына жағдай туғызады.

       Безгек ауруының таралуына тосқауыл болу тұрғындардың өздеріне тікелей баланысты. Адамдар қалтырап, басы ауырып,әлсіздікті сезінсе,тәз арада дәрігерге қаралуы қажет, әсіресе ауруды жұқтыру қаупі жоғары болып өсептелінетін маусым –қыркүйек айларында.

        Ауру адамның қанын зерттеу микроскоппен тексерген кезде ғана тура диагнозы анықталады.Тропикалық және субтропикалық аймақтарда болып келген азаматтар өздерінің соңғы екі жылда қандай елдерде болғанын және қандай дәрілік препараттар қабылдағанын дәрігерге хабарлауы керек.

         Безгек ауруын дұрыс емдемесе және уақытылы емдемесе: қан аздық,ішкі ағзалардың тіршілік етуінің бұзылуы,еңбек ету қабілетінің жоғалуы пайда болып,науқастың жағдайы ауырлайды.Егер науқас адам емді уақытынан бұрын тоқтатса,онда ауру қайталанады,сонымен қатар ауру адам жан-жағындағылар үшін инфекция көзі болып табылады.Тропикалық безгек ауруымен науқастанған адам ыстық аймақтарда болса,қасіретті жағдайға ұшырауы мумкін.

         Қолданған емнің тиімді әсер етуі үшін,безгекпен ауырған адам дәрігердің тағайындауларын дер кезінде дұрыс орындауы керек. Безгекпен ауырған адам неғұрлым ертерек қаралса ғана,оның сауығуына емнің көмегі тиеді.

        Безгек масаларының тасымалдағыштары көлшіктерге,ағысы жәй су жиынтықтарына,ескі өзен арналарына ұрық шашады.Олар адамға кешке күн батқан кезде және таңертең ерте қан сору үшін шабуыл жасайды.Тұрғын үйлерде масадан қорғану үшін есік,терезелерді майда тормен және дәкемен торлап қою керек. Бөлмелерде маса кездескен жағдайда арнайы аэрозолмен және арнайы таблеткалар немесе сұйықтық қосылған электірлі булағышты іске қосып отырған дұрыс. Ұйықтаған кезде масадан қорғану үшін арнайы улағыш құралға батырылған масахана құрып, жан-жағын төсектің астына қымтап қойған жөн.

        Өзіңізді масаның шағуынан қорғау арқылы, сіз ауру ошағында өзіңізді безгек ауруын жұктырудан қорғайсыз. Безгек ауруымен күресу  және оның таралуына жол бермеу –өз еліндегі әрбір азаматтың борышы.

ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО»ШЖҚ РМК Қызылорда обл бойынша филиалының

Жалағаш аудандық бөлімшесінің сан эпид қызмет маманы 

М.Ажарбаева

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: