Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Бейсенбі, 09 мамыр, 15:06

Білім ордаларындағы асханалардың жай-күйі зерделенді

14.03.2024

202

0

Бүгін аудан бойынша білім ордаларындағы асханалардың ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмыстарының негізгі мақсаты – асханалардың санитарлық тазалығы, тағамдардың орналасуы және белгіленген мөлшеріне сәйкес берілуі, тыйым салынған тағам түрлерінің сатылымына жол бермеу, қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Аталған мониторинг жұмыстарына «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Елеусінов Өмірзақ, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракция жетекшісі Гүлзат Құрманбаева, фракция мүшесі Гүлжайна Айтжанова, аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Асқарова Ханбибі және аудандық білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов қатысты
.
Жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында аспазшыларға дұрыс тамақтанудың ережелерін қатаң ұстауды, білім алушыларға берілетін тамақшы бекітілген мөлшер бойынша беру және тиісті санитарлық талаптарды сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: