Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:27

Бірлік бәрінен маңызды

21.11.2023

384

0

Аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовтың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерімен кездесу өтті. Оған облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Дәулет Омаров, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми сарапшылық тобының мүшесі, заңтану магистрі Қуаныш Жарекеев және аудандық ақсақалдар кеңесінің, аналар кеңесінің мүшелері, түрлі этнос өкілдері қатысты.

– Ауданда этно бағыттағы «Жалағаш – достық мекені» қоғамдық бірлестігі 2016 жылы құрылды. Ұлтаралық, конфессияаралық қатынастарды нығайту мақсатында жұмыс жасап келе жатқан аталған қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен жыл сайын мәдени-рухани іс-шаралар, қайырымдылық акциялар, түрлі этнос өкілдерімен кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Елімізде этносаралық татулық пен келісімді сақтау үшін әрдайым орнықты саясат жүргізілуде. Бұл – мемлекетіміздің мызғымас ұстанымы. Ауданда қазір 254 этнос өкілі бар. Олар жергілікті халықпен біте-қайнасып, түрлі салада еңбек етуде. Мәдени-көпшілік, спорттық шараларға қатысып, жеңімпаз атанып, аудан мерейін көтеріп жүргендер де аз емес. Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру бағытында Қазақстан халқы ассамблеясының рөлі зор. Бұл бағытта аймақ бойынша ауқымды жұмыстар жасалуда, – деді Ғани Кенжеғараұлы.
Жиында аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асылбек Тәуіпбаев, Аналар кеңесінің төрайымы Айқын Жақсылықова ауданда Ақсақалдар, Аналар кеңесінің атқарған жұмыстарындағы жетістіктеріне алдағы жоспарына тоқталып, түйткілді мәселелерді де атап өтті. Айта кетейік, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде, Бұқарбай батыр ауылдық округінде кездесу өткізіп, ауыл мұражайын аралады.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: