Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Сейсенбі, 21 мамыр, 01:13

«Дала өртінен сақтанайық»

10.05.2024

417

0

       Өрт – барлық апаттың бастауы. Ол күрделі шығынға әкеліп соқтырады. Оған деген немқұрайлықтан, селқостықтан арылуымыз керек. Өрт әртүрлі жағдайда шығуы мүмкін, сол  өрттердің бір түрі орман өрті. Теледидардан байқап отырсаңыздар әр жылдың жаз айларында, әіресе Қазақстанның солтүстік облыстарында тоғай өрті көп орын алып отырады. Бұл өрттердің негізгі көп орын алатын орны,  күннің қызуынан шөптердің қурап, көгеріп өзі өртенуінен және де саяжайға демалысқа барған азаматтар мен азаматшалардың ошақ құрып, от жағып, өртті өшірмей немқұрайлы қараусыз қалдыру салдарынан болып отырады. Табиғатты қорғауда орман шаруашылығы мекемесі қызметінің маңызы зор. Әрбір қорықшы өзіне бекітілген учаскесінде бақылауды күшейткен жағдайда өрттің шығуы да аз болар еді. Бұрынғы совет үкіметі уақытында қорықшылар  атпен жүріп бақылау жүргізген болатын. Ал қазіргі уақытта әр мекеме саласына техникалар, құрал – жабдықтар  беріліп, соның салдарынан өрттің жануы азайып отыр. Сондықтан қорықшылар осы үкіметтен көрсетіліп отырған күштерді пайдаланып, бақылауға үлкен мен беріп отырса, Тілсіз жау – өрт  азайған болар еді. Ол үшін далалық жерлерде от пайдаланушы әрбір азамат табиғат тағдырына жанашырлықпен қарауы әбден қажет.

Жалағаш ауданы

Төтенше жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: