Бүгін Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракция отырысы болып өтті. Аталған фракция отырысын аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қ.Мұстафаева ашып, жүргізіп отырды. Аталған отырыстың күн тәртібінде Жалағаш ауданы бойынша азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралары туралы, колледж студенттерінің жатақханадағы орындармен қамтамасыз етілуі туралы, Жалағаш ауданы бойынша күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысы туралы және аудан бойынша жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілуі туралы мәселелері қаралып, тиісті бөлім және Жалағаш индустриальды аграрлық колледжінің директоры Ғ.Серікбаев хабарлама жасады.
Хабарламашыларға депутаттық фракция мүшелері тарапынан сауалдар қойылып, ұсыныстар айтылды.
ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
11.08.2022
385
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!