Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Жексенбі, 05 мамыр, 15:18

Депутаттық фракцияның кезекті отырысы өткізілді

18.04.2024

24

0

Бүгін Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өткізіліп, Жалағаш кентінде көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру барысы мен депутаттық фракция мүшелерінің атқарған жұмыстары туралы мәселелері қаралды. Аталған отырысты фракция жетекшісі Гүлзат Құрманбаева төрағалық етті.

Жалағаш кенті әкімінің орынбасары Талғат Нұрсейітов көктемгі көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын атқарылған және алдағы міндетті жұмыстарға тоқталып өтті.

Алдағы уақыттарда Жалағаш кентінде көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу үшін Жалағаш кенті әкімі аппаратының жанынан «Жалағаш қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Бұдан бөлек, жаңадан құрылған «Жалағаш қызмет» мекемесіне ШЖҚ «Табиғат» КММ-нен 1 дана ХТЗ тракторы, 1 дана жаңа эксковатар тіркемесімен алынды. Биылғы жылы демеушілік есебінен «Астана» саябағына абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда эскиздік жобасы дайындалуда. Жалағаш кентінің Қазыбек би көшесіндегі арықтар трактормен қазылып ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, М.Шаменов, Ұлы Жеңістің 50 жылдығы көшелерінде, «Рәміздер» аллеясында, «І.Қабылов» саябағы және мекемелер аумағында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін барлығы 2000 ағаш көшеттері отырғызылды – деді Талғат Нұрсейітов.

Бүгінгі отырысқа қатысушылар тарапынан Жалағаш кенті әкімдігіне егілген ағаштардың шығымына жұмыс жасау және күтіп баптау, лас суларды белгіленген орындарға төгу бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Күн тәртібіне қойылған Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Гүлжайна Айтжанова және Қайрат Досымов өздері сайланған аумақтары бойынша атқарған жұмыстары туралы хабарлама жасады. Яғни, тұрғындардың талап-тілегін орындау бойынша қоғамдық қабылдау, атқарушы мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолдау және оның орындалуы, халықпен кездесу бойынша айтып өтті.

Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Қайрат Досымовқа Жеңістің 50 жылдығы көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу бойынша депутаттық сауал жолдау бойынша ұсыныстарын жеткізсе, ал фракция мүшесі Айтжанова Гүлжайна Аққұм ауылындағы жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарына күнделікті ауыл тұрғындарымен бірлесіп бақылауда ұстауды, Аққұм ауылы тұсынан мал өткелін салу бойынша тиісті атқарушы мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолдауды тапсырды.

Бүгінгі басқосуға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Елеусінов Өмірзақ және аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева арнайы қатысып, хабарламашыларға берілген ұсыныстардың толыққанды іске асуына жұмыс жасауды тапсырды.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: