Бұдан 30-40 жыл бұрын балалар қызылша мен дифтерия жұқпасынан шетінеп кетіп жататын. Жержүзі халықтарын жайлаған табиғи оспаның көзіалғаш рет 1978 жылы вакцинаның көмегіменжойылды, қазіргі кезде бұл екпе жасалмайды. 2002 жылы әлемнің біраз еліне қоса Қазақстанда да полиомиелитті жою жұмыстары жүргізілді.
Вакцина –жұқпаны жоюға бағытталған, микроорганизмдерден жасалатын препарат.
Вакцина елді туберкулез, полиомиелит (сал), сіреспе, көкжөтел, қызылша, «А», «В» гепатиті т.бжұқпалардан қорғайды. Вакцинаны халыққатүгелдей егудің арқасында біз адам өміріне қауіптөндіретін біраз ауруды ұмыта бастадық. Кей адам«екпе алсақ та ауырамыз» деп жатады. Мәселен сал өте қауіпті ауру. Адамның аяқ-қолы ырыққа көнбей, мүгедек болып қалады. Егер ауруға қарсы егілсе, ауырған жағдайда жеңіл түрде өтеді және аяққатұрып кету мүмкіндігі де бар. Ал егілмесе, міндеттітүрде сал болып қалады. Бөгде зат енген ағзада әртүрлі әсерлер орын алатыны анық. Алайда мұндайәсердің зардаптары жұқпалы аурудың зияныменсалыстырғанда түк те емес. Балалар өмірге келгенсәттен бастап 3 күн ішінде перзентханадатуберкулез бен «В» вирусты гепатитіне қарсы екпеалады. Екі айдан бастап балаға қалған екпелержасала бастайды. Жалпы бала 16 жасқа дейінегіледі. Бұдан бірнеше жыл бұрын 20-30 бала «А», «В» гепатитімен ауыратын еді, бүгін де бұл ауру жоққа тән. Ал екпеден бас тартып отырған ата-аналар баласына қандай қауіп төніп тұрғанынтүсінбейді. Сары ауру – бауыр және өт жолыныңқабынуы. Сары аурумен ауырған балалар бауырциррозына шалдығуы мүмкін.
Екпе алмаған баланың ағзасы жұқпалыауруларға бейім болады. Егер бала жұқпа емес жәйаурумен науқастанып басқа қалаға ем алуға баратын болса, №63 үлгі (егу паспорты), яғни екпеалған жөніндегі құжат міндетті түрде сұралады. Бұрын бұл құжат бала балабақшаға, мектепкенемесе жоғарғы оқу орнына түскенде ғанаберілетін еді. Соңғы жылдары ол мемлекеттік жәнеқұқық қорғау орындарына қызметке тұрарда, тіптішетелге шығарда да сұралатын болды. Екпежасаудан бас тартып отырған ата-аналарбаласының болашағына өз қолымен балта шауыпотырғандарын түсінуге тиісті. Вакциналардыңқауіпсіздігі, зиянсыздығы және тиімділігі лабораториялық, клиникалық тексерулерденөткізіледі. Екпе жасалғаннан кейін балалардыңденсаулығына ҚР Үкіметінің Қаулыларыменбекітілген нормативтік құжаттарға сәйкесдәрігерлік бақылау жүргізеді, егерде бала денсаулығында алаңдатушылық туғызатыншағымдар пайда болған жағдай да тиісті көмеккөрсетеді. Ислам діні вакцина алуға тиымсалмайды. Мысалы қажылыққа баратын адамдаркейбір ауруларға қарсы міндетті түрде екпе алуғатиісті. Егер екпе алмаса немесе жұқпалы ауруменауырған болса, ол жерге өткізбейді. Кей адамдарөздерін толғандырған сұрақтарына жауаптығаламтордан іздейді және ол жерде екпенің зияны мен пайдасы туралы бір-біріне қарамақайшы нешетүрлі пікір жарияланған. Мұны оқыған ата-аналар екпеден бас тартып жатыр. Әлемді жайлағанкоронавирус пандемиясыда екпенің қажет екенінекөз жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!