Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сейсенбі, 01 сәуiр, 23:59

Елімізге заңсыз әкелінген смартфондар қымбаттауы мүмкін

29.03.2025

204

0

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитеті төрағасының орынбасары Олжас Қабенов елімізге шетелден әкелінген мобильді құрылғыларды тіркеу барысымен тағы бір таныстырды.

— Тіркеу процедурасы ұялы телефонның бағасына ешқандай әсер етпеуі керек. Ресми сатылатын барлық ұялы телефон қажетті кедендік және басқа да салықты төлеп, барлық рәсімнен өтеді, сондықтан баға нарыққа сай белгіленген, — деп түсіндірді Олжас Қабенов ведомствода онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда спикер «ақ» тізімде жоқ құрылғылардың еліміздің аумағында жұмыс істемейтінін айтып отыр.

— Егер заңсыз, «сұр» жолмен Қазақстанға әкелінген смартфондар туралы айтар болсақ, олардың бағасы қымбаттауы мүмкін. Егер сіз сатып алу кезінде телефонды тексеріп, оның верификацияланған абоненттік құрылғылардың «ақ» тізімінде жоқ екенін анықтасаңыз, онда ол Қазақстан аумағында жұмыс істемейді, — дейді министрлік өкілі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: