Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сәрсенбі, 09 қазан, 11:58

Еңбек еленген күн

12.08.2023

244

0

Әр саланың ел дамуына қосар үлесі зор. Соның ішінде елмен елді жалғастырып отырған көлік саласы қашан да елдің экономикалық және әлеуметтік өмірінің маңызды бөлшегі. Ал республиканың дамуының көрсеткіші саналатын құрылыс саласының серпін алуы бүгінде көңіл қуантады. Кешегі тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары жер-жерде кірпіші қаланған ғимараттардың барлығы осы сала мамандары жұмысының нәтижесі болса, шойын жолда шыңдалған теміржол қызметкерлерінің еңбегі ерен.

Жалпы кез келген жұмыстың өз маманы болады. Ал біз айтып отырған құ­рылыс саласында жүргендердің, ау­қымды саланы алға жылжытуда құры­лыс­шылардың еңбегі ерен. Бүгінде құрыш қолды құрылысшылардың қол­таң­басымен қаланған әрбір ғимарат кент келбетіне көрік беріп, халыққа қыз­мет көрсетіп тұр. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін, жауапкершілігі мол қос сала қыз­меткерлерінің еңбегі де елеусіз қал­ған емес. Аудан әкімі Асқарбек ­Ес­жа­нов көлік қызметкерлері мен құры­лыс­шылар күні мерекелеріне орай қа­был­дау өткізіп, сала ардагерлері мен мамандарын кә­сіби мерекеле­рімен құт­тықтады. Қабылдау барысында ау­дан әкімі Асқарбек Есжанов елмен ел­ді жал­ғастырып, алысты жа­қын етіп, берекелі бірлікке ұластырып отыр­ған көлік са­ласының маңызы зор екенін жеткізді. Ауданның, ауылдың сәнін келтіріп, ай­шықтандырып тұрған құ­ры­лыстарға қолтаңба қалдырып, өңір ау­мағында әлеуметтік және өндірістік нысандарды сапалы және мерзімінде іске қосуға атсалысып жүрген мәртебелі мамандық иелерінің құрылыс сала­сын­да еңбек етіп жүргенін айтты.
– Бүгінде ауданда жолаушылар та­сы­малы қызметін 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік көрсетеді. Ерекше айта кетерлігі, Жаңадария, Аққыр ба­ғыттары облыстық мәслихаттың ше­шіміне сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне енгізілді. Субсидия беру мерзімі 3 жылға белгіленіп, Жаңа­дария бағытына бір жылға 2 млн 373 мың теңге, Аққыр бағытына 2 млн 738 мың теңге, барлығы 5 млн 110 мың теңге аудан бюджетінен қаралып, төленіп отыр. Аудандағы маңызы зор тағы да бір көлік түрі ол – теміржол. Аудан бойынша тәулігіне 100 адамға дейін қызмет көрсету мүмкіндігі бар темір жол вокзалы 2013 жылдан бастап жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді. Сондай-ақ 2023 жылдың І жартыжылдықтың қоры­тындысы бойынша құрылыс жұмыс­тарының көлемі 3 млрд 350 млн теңгеге орындалып, өткен жылмен салыс­тырғанда 134,6 пайызға артқан.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдан бері ауданымызда құрылыс саласы қар­­­қын алды. Жалағаш ауданында әлеу­меттік салада 17 медициналық ұйымдар, 7 мектеп, 28 балабақша, 45 спорт­тық кешендер мен балалар ойын алаң­дары салынып, ел игілігіне пай­да­­лануға берілді. Үш ауысымды және апат­тық жағдайдағы мектептер мәсе­лесі түбегейлі шешілді, – деген өңір бас­­шысы Асқарбек Темірбекұлы қос саланың мамандары мен ардагерлеріне Қазақстан Республикасы Индустрия жә­не инфрақұрылымдық даму минис­трлігінің алғысын, облыс әкімінің «Құр­мет» грамотасын және аудан әкімі­нің ал­ғысын табыс етті.
Рас, көлік саласының қызметкерлері барлық өңірмен байланысты орнатуда елеулі әрі тынымсыз еңбек етсе, өңі­рімізде атқарылып жатқан барлық игілікті істердің басында құрыш қолды құрылысшылардың жүргенін бі­ле­міз. Ау­данның құрылыс саласындағы ат­қарылған жұмыстарда, саланы алға жылжытып, құрылыс сапасының ар­туында сала ардагерлерінің де өзіндік қолтаңбасы мен үлесі бар.
Салтанатты шарада аудандық ар­дагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев аудан тарихында өз қолтаңбасын қал­дырып, адал еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген сала қызметкерлерінің еңбегін ай­рықша атап өтсе, көлік саласын дамыту мен жетілдіру ісіне көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп келген Қасым Жұбатыров және құрылыс саласының ардагері Болатбек Жәнібеков қос са­ланың да атқарар жұмысы жауап­кершілікті талап ететінін айтып, мере­ке қарсаңында арнайы қабылдап, құр­мет көрсеткен аудан басшылығына алғыс­тарын білдірді.
Н.АЛМАСҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: