Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Сейсенбі, 26 қараша, 04:43

Еріктілер қоғамның дамуына үлкен үлес қосып жатыр – Мемлекет басшысы

21.06.2023

293

0

Қазақстандағы еріктілер саны 200 мыңға жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Соңғы жылдары елімізде ауқымды реформалар жүргізілді. Жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыс табысты болуы үшін бүкіл қоғам атсалысуы керек. Мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді серіктестік өте маңызды. Осы орайда волонтерлердің рөлі ерекше. Бүгінде олар қоғамның түрлі салаларында белсенді қызмет етіп жатыр. Қазақстанда 2020 жыл Еріктілер жылы болып жарияланды. Қазір елімізде волонтерлік ұйымдардың саны үш есеге, яғни 680 ұйымға өсті. Еріктілер саны 200 мыңға жетті. Барлық аймақтарда фронт-офистер ашылды, онда мыңдаған еріктілер оқытылды. Qazvolunteer.kz платформасы құрылды», деді Президент.

Сондай-ақ Президент бүгінде Қазақстанда кез келген адам еріктілер тобына мүше болып, пайдалы істерге атсалыса алатынын атап өтті.

«Бұл шын мәнінде үлкен мүмкіндік. Сондай-ақ еріктілеріміз Иордания, Кения, Таиланд, Түркия елдеріне арнайы барып, тәжірибе жинақтады. Осы сәтте мен Қазақстан волонтерлеріне қолдау көрсетіп жатқан БҰҰ өкілдеріне алғыс айтамын. Өткен жылы елімізде Орталық Азия волонтерлерінің бірінші форумы өтті. Маңызды шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Өйткені еріктілер қатарында қоғамға адал қызмет ету бір күндік немесе уақытша жұмыс емес, бұл әрбір ерікті өз еркімен таңдайтын өмірлік мақсаты. Жалпы, волонтерлік қызмет – патриотизмнің жарқын үлгісі. Бұл адамгершілік құндылықтарды бәрінен жоғары қоятын адамдардың өмір салты. Еріктілер қоғамның дамуына үлкен үлес қосып жатыр», деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін елордада еріктілердің халықаралық форумы басталғаны хабарланған еді. Оған 34 елден 140-тан астам еріктілер қатысып жатыр. 50 шетелдік спикер келді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен еріктілер де жиналды. Барлығы 400-ден астам қатысушы болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: