Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 11:54

Ерлан Қошанов референдумда дауыс берді

05.06.2022

436

0

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов елордадағы N110 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Палата спикері Ерлан Қошанов та елорда тұрғындарымен бірге Конституциялық реформаға байланысты өтіп жатқан республикалық референдумда өз таңдауын жасады. N110 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы Замир Серіковтің айтуынша, мұнда 2818 адам дауыс беруші ретінде тіркелген.

«Біздің учаскеге таңғы сағат 7.00-де он шақты адам келіп дауыс беруді бастады. Қазіргі қарқынға қарағанда сағатына 50-100 адамнан келіп жатыр. Алғаш болып дауыс берген үш адамға сыйлық табыстадық. Жергілікті, халықаралық байқаушылар да таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыстарына кірісті», деді З.Серіков.

Айта кетейік, осыдан тура бір ай бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: