Балаларын өлтірген келіншек туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qamshy.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысында жантүршігерлік оқиға орын алған болатын. Шиелі ауданындағы Пушкин атындағы №46 мектеп лицейде тәрбиеші болып жұмыс істеп келген 31 жастағы әйел 6 ақпанда ешкімге ескертпестен үйінен екі баласын алып, Түркістан қаласына кетіп қалған.
Сонда пәтер жалдап, ертесіне, 7 ақпанда 2 баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген, деп күдіктелуде.
Осы оқиғаның алдында келіншек өзінің Instagram парақшасына балалары мен өзінің қолының суретін салып, «Жүректеріміз мәңгі бірге» деп жазыпты. Оған Нұрмахан есімді әншінің «Бізге берілген уақыт аз ғана» деген әнін қосқан.
Әннің мәтінінде:
«Ешкімге айта алмай,
Барамын тұншығып.
Мың түрлі сынақтан,
Өте алмай жүрміз күрсініп.
Тағдырға босқа қырсығып,
Бізге берілген уақыт аз ғана»,-деген сөздер бар.
Келіншекті жақсы танитын достары, сыныптастары мен сынып жетекшісінің сөзінше, ол толыққанды отбасынан шыққан, қайын жұртының тұрмысы жақсы, өзі өте ақкөңіл, жүрген ортасын күлдіріп жүретін ашық мінезді, қонақжай әрі балаларын қатты жақсы көретін әйел. Ешқандай диспансерлік есепте тұрмайды. Мұндай қылмысқа барады деп ешкім ойламаған.
“Ешкімге айта алмай, барамын тұншығып”: Екі баласын өлтірген әйелдің жазбасы тарады
10.02.2024
422
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!