Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сәрсенбі, 06 қараша, 12:11

Ешқандай мәжбүрлік жоқ – Президент референдум жайлы

05.06.2022

632

0

Президент отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін өткізген брифингте референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан референдум учаскесіне барып, дауыс берген еді.

Жалпыұлттық референдум арқылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі – бүгінгі аса маңызды шараның басты ерекшелігі. Бұған дейін Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі шешімді Парламент қабылдайтын.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды өтіп жатқан референдуммен құттықтады.

«Бүгін еліміз үшін, шын мәнінде, тарихи күн. Халқымыз бетбұрысты шешім қабылдамақ. Ешқандай мәжбүрлік жоқ. Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған», деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы конституциялық реформаның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне қатысты журналистердің бірқатар өзекті сауалына жауап берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: