Бүгін Евразия спорт кешенінде Жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Биыл 27-ші мәрте ұйымдастырылғалы тұрған турнирге көршілес Өзбекстан елінен және еліміздің 6 облысынан 32 команда, 640 спортшы қатысуда.
Турнирді салтанатты түрде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен бірге, турнирдің бас демеушісі «Қазгермұнай» компаниясы бас директорының орынбасары Нұрбол Пірмағанбетов, ауған соғысының ардагері Жарас Оспанов және Батыржан Шалғынбаевтың інісі Батырбек Шалғынбаев өз кезектерінде құттықтау сөз сөйлеп, жарыстың маңыздылығына тоқталып өтті.
Салтанатты шарадан соң алаңға алғашқы екі команда «Асыл» және «Спецойл» шықты. Айта кетейік, жарыс екі күнге созылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!