Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Жұма, 29 наурыз, 03:13

Ғасыр жасаған әжей өз таңдауын жасады

05.06.2022

687

0

Бүгінгі науқанда кент халқымен қатар ауданға қарасты ауыл тұрғындары да белсенділік танытып, дауыс беруде. Таңазанымен басталған науқан барысында ең қарт және ең жас сайлаушылар да бой көрсетуде.

Ауданымыздың 100-ге келген кейуанасы, тыл ардагері, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы, Мәдениет ауылының тұрғыны Маханова Өтеш әжеміз де республикалық референдумға қатысып, өз тандауын жасады.

– Кемел келешекке бастайтын әр істің берекелі әрі нәтижелі болары анық. Өйткені жақсылықтың қадамы ұзақ, барар жері алыс деген сөз бар. Еліміз үшін бүгін маңызды күн. Бұл – халыққа қаншама жылдардан бері беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Референдумнан кейін қандай өзгерістерге бетбұрыс жасалатынынан да хабардармыз. Сондықтан мен мұның үлкен өзгерістердің бастамасы екеніне сенемін, – деген әжей халық өз таңдауын жасаудан құр қалмауы керек екенін айтады. Конституциялық реформаның маңыздылығын түсінген ғасыр жасаған Өтеш анамыздың сайлауға атсалысуы бәрімізге үлгі-өнеге деуге болады. Осындай игі істе үлкендердің батасы мен жастардың қолдауы болса оң нәтижелерге жетеріміз анық.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: