Облыс әкімінің бастамасымен Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде, өңірге қажетті мамандықтар бойынша аз қамтылған (нысаналы) отбасылардан шыққан студенттерге білім беру қызметіне ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау белгіленген.
2023 жылғы білім беру қызметіне ақы төлеуге әлеуметтік көмек тағайындау үшін нысаналы топтар отбасы балаларына аудан өңіріне қажетті мамандықтарға облыс әкімінің 4 оқу гранты бөлінген.
Бөлінген 4 гранттың мамандықтар тізбесі: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне «Дене шынықтыру және спорт»-1, «Агрономия»-1, «Жерге орналастыру-1», «Су ресурстарын және суды пайдалану»-1 грант.
Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 10 тамыздан бастап 18 тамызға дейін.
Құжаттар бойынша ақпарат алу үшін байланыс телефоны 8(72431)31-393
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!