Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Дүйсенбі, 07 сәуiр, 20:01

ІІМ: Үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы жойылды

06.04.2025

61

0

Ішкі істер министрлігі «Заң және Тәртіп» принципіне сәйкес есірткі қылмысымен күресті жалғастыруда, деп хабарлайды Polisia.kz.

Үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы жойылды. 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Үш тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде: 250 кг синтетика 1 тонна 642 кг марихуана 238 кг гашиш 322 грамм героин.

– Жыл басынан бері 1425 адам ұсталды. Оның ішінде 76 әйел, 23 жасөспірім және 9 шетел азаматы. Есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: