Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 12:56

Эпидемиялық жағдайы әлі де тұрақсыз

26.02.2024

370

0

Қазақстанда коронавирус пен қызылшаның эпидемиялық жағдайы әлі де тұрақсыз. Мәселен, жыл басынан бері ауданымызда 30 қызылша жағдайы тіркелген, оның 14-і, 14 жасқа толмаған балалар. Ал коронавирус инфекциясының 2 дерегі тіркелген. Осы және өзге де қауіпті вирустардың аудандағы ахуалынан хабардар болу мақсатында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлзираш Айымбетовамен сұхбаттасхан едік…

–Гүлзираш Айымбетова адам папиломасы вирусы немен қауіпті?

– Адам папиллома вирусы – әлемдегі ең көп таралған вирус. Оның алуан түрі бар. Қазірге дейін зерттелген штамдарының өзі 200-ден асады. Ең қауіпті түрі – 16 және 18-типтегі вирус. Мұндай онкогенді вирустар жатыр мойны мен вульвада, ер адамның жыныс мүшесі мен шырышты қабаты бар басқа да органдарында обыр ауруын туғызады. Адам папиллома вирусының тағы 10 түрі қауіпсіз ісік шақырады. Штамдардан сүйел, кондилома, респираторлық папилломатоза пайда болады.

Адамдар папиллома вирусын қалай жұқтырады?

– Әртүрлі жолмен! Мысалы, қол алысу немесе жыныстық қатынас арқылы. Тері немесе шырышты қабық жанасқанда вирус денеге енеді. АПВ-ны жұқтыру оңай, сондықтан адамдардың 80%-ы өмірінде бір рет болса да осы вирусты жұқтырады. Жұқтырғаннан кейін вирус ағзада ұзақ уақыт тіршілік ете алады, бірақ бұл адам ауырады дегенді білдірмейді. Өзінде вирус бар екені туралы білмеуі де мүмкін. Егер адамның иммунитеті жақсы болса, ауру белгілері болмауы мүмкін. Вирус байланыс арқылы жұғады. Заттардың беткі қабатында ұзақ өмір сүре алмайды. Сондықтан көбіне жыныстық жолмен тарайды.

– Адам папиллома вирусы кімдерге қауіпті?

–Адам папиллома вирусы әйелдерге өте қауіпті. Кейінгі бес жылда Қазақстанда 2 948 әйел жатыр мойны обырынан көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған статистикаға сүйенсек, бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып барады. Кейінгі бес жылда 148 әйел вульва мен қынап рагынан қайтыс болған.Адам папиллома вирусының онкогенді түрлері ерлерге де зиян. 2018-2022 жылдары жыныс мүшесі мен анустағы рактан 95 ер адам көз жұмған. Кейінгі бес жылда тіл, ауыз қуысы мен тамақ-өңеш рагынан мың науқас өлген.

–Дерт дендемесін десек…

–Адам папиллома вирусына қарсы ғылыми тұрғыда дәлелденген жалғыз алдын-алу жолы – вакцина салғызу. Екпе вирус салдарынан туған қатерлі ісіктен немесе басқа да аурулардан емдемейді. Кез келген вакцина сияқты бұл да – алдын алады. Балаларға бірінші жыныстық серігі пайда болғанға дейін вакцина салынады. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Австралия, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия тәжірибесіне сүйеніп отыр. Ведомствоның дерегінше, Австралия – 2007 жылы адам папиллома вирусына қарсы екпе енгізген алғашқы мемлекеттердің бірі. Бағдарлама нәтижесінде 18-24 жас аралығындағы австралиялық әйелдердің адам папиллома вирусын жұқтыруы 22 есе (22,7% пайыздан 1,5% пайызға дейін) азайған. Жатыр мойны обырымен ауыру 50 пайыз кеміген. Вакцина вирустан 8-10 жылға қорғайды. Кейін тағы салу керек. Екпе салдырған адамның өзі жылына бір рет гинекологқа қаралып тұруы керек. Әр төрт жыл сайын скринингіден өтуі қажет.

–Әлемді жайлаған коронавиурс қаншалықты қауіпті?

–Қазіргі таңда еліміздің бірқатар аймақтарында атап айтқанда, Алматы, Астана, Шымкент өңірлерінде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады. Дегенмен, біздің облыстағы жағдай тұрақты. Жыл басынан бері ауданда коронавирус инфекциясының 2 дерегі тіркелді. Коронавирус инфекциясы (COVID-19) – SARS-CoV-2 вирусы тудыратын жұқпалы ауру. Ол науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауа тамшылары арқылы сыртқы ортаға бөлініп шығады.

Қызылша вирустық инфекция. Бұл сырқат бойынша аудандағы ахуал қандай?

– Аудан бойынша 2024 жыл басынан  қызылшаның алғашқы болжамды жағдай диагнозымен 30 науқас есепке алынып, 100 мың халыққа шаққанда 83,1 құрап отыр. Өткен жылдың осы кезеңінде қызылша ауруы тіркелмеген.

Жыл басынан тіркелген аурудың 14-і 14 жасқа толмаған балалар болса   16-ы ересектер арасынан орын алып отыр. Бүгінгі күнге 30 қызылшаның болжамды жағдайының 13-жағдайы зертханалық жолмен расталып,нақтыланып сырқаттанушылық 43,3 пайызды құрап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: