Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сейсенбі, 17 ақпан, 12:46

Кассациялық саты: сот қателігін түзетудің соңғы кепілі

17.02.2026

7

0

        Кассациялық іс жүргізу – азаматтардың сот арқылы қорғалу құқығын қамтамасыз ететін маңызды тетік. Бұл саты істің мән-жайын қайта қарауға емес, төмен тұрған соттар жіберген құқық қолдану қателіктерін түзетуге бағытталған.
         Кассациялық соттың негізгі міндеті – заң нормаларының біркелкі әрі дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету. Осы тұрғыдан алғанда, кассация сот тәжірибесін жүйелеуші әрі бағыттаушы рөл атқарады.

Практика көрсеткендей, кассациялық шағымдар көбіне:

материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылмауына;
процестік құқықтың өрескел бұзылуына;
сот актілерінің уәжделмеуіне байланысты беріледі.

         Кассациялық саты істі қайта тергемейді, жаңа дәлелдемелерді  ерттемейді. Ол сот актісінің заңдылығын ғана бағалайды. Сондықтан тараптар шағым берген кезде эмоцияға емес, нақты құқықтық негіздерге сүйенуі қажет. Соңғы жылдары кассациялық сатының сүзгілік тәртібі күшейтіліп, бұл сот жүктемесін азайтып қана қоймай, кассацияның шынайы құқықтық мәнін арттырды. Нәтижесінде, тек құқық қолдануда принциптік маңызы бар істер ғана кассациялық қарауға жолдануда.
Қорытындылай келе, кассациялық іс жүргізу – сот жүйесіндегі әділдіктің соңғы сүзгісі. Ол тек жеке істің шеңберінде ғана емес, бүкіл сот тәжірибесінің сапасын арттыруға қызмет етеді.


                                                                Жалағаш аудандық сот Әкімшісінің       

                                                                басшысы А.Алтынбаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: