Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:31

Көктемгі егін науқанына дайындық жұмыстары қаралды

29.02.2024

288

0

Бүгін Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өткізілді. Аталған отырыста Жалағаш ауданы бойынша көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары туралы мен аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша есеп берді.

Жалағаш ауданы бойынша негізгі дақыл күріш, арпа, сұлы, бидай, жүгері, мақсары, қант құмайы, соя, картоп, бақша өнімдерінен құралған барлығы 36565 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда.

Көктемгі егісті орналастыру жұмыстарына аудан бойынша 955 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысады деп жоспарлануда. Оның ішінде 520 дана трактор, 115 дана соқа, 52 дана тұқым сепкіш, 100 дана автомашина, 168 дана трактор тіркемесі бар. Қазіргі таңда техникаларды егінге дайындау жұмыстары жүргізілуде – деді аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Алтынбек Дәрібаев.

2024 жылға 162 шаруақожалығы егін орналастыру кестесіне өтінім беріп отыр. Барлық егіс көлем өтінім бойынша 29062 га оның ішінде күріш дақылына 15953 га. Ауданға су алу науқанына тұрақты суаруға 800,100 млн.м3, экологияға 156,000 млн.м3 су көлемі болжануда.

«Қазсушар» РМК теңгерімінен 6 дана СНП-500/10 дизельді, 6 дана СНПЭ-500/10 электрлі және шаруашылық құрылымдары тарапынан 36 дана су көтеру насос қондырғылары су тапшылығы жағдайына байланысты егісті сумен қамтамасыз етуге дайын тұр – деді «Жалағашсушар өндірістік учаскесі басшының міндетін атқарушы Алмасов Мақсұт.

Күн тәртібіне қо»ылған депутаттық фракция мүшелерінің есепті кезеңде атқарған жұмыстары тыңдалып. Отырысқа қатысушылар тарапынан сауалдар жолданып, бірқатар ұсыныстар берілді.
Аталған отырысқа «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Елеусінов Өмірзақ және партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева қатысты.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: