Көкжөтел – жөтелдің ерекше шабуылдарыменсипатталатын жедел респираторлық бактериялықжұқпа. Көкжөтелдің қоздырғышы ауа тамшыларымен, науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескендетаралады.
Көкжөтел әсіресе өмірдің алғашқы айларындағыбалаларға қиын. Біріншіден, балада қарапайымсуықтың белгілері пайда болады: мұрынның су ағуы, дене температурасының жоғарылауы, қалыпты жөтел. Бірте-бірте жөтел күшейіп, ұстамалы жөтелгеайналады. Осы әлсірететін жөтел ұстамалары кезіндемидың қан айналымы бұзылады, оттегі ашығуы, нәтижесінде психиканың бұзылуы және әртүрлідәрежедегі ақыл-ой кемістігі пайда болады.Көкжөтелөкпенің қабынуы (пневмония), мидың зақымдануысияқты асқынулармен қауіпті.Көкжөтелден қорғаудыңжалғыз сенімді және тиімді әдісі – вакцинация. Көкжөтелге қарсы егу 2, 3, 4 және 18 айлық жастағыбалаларға көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, «В» гепатитіне, гемофильді инфекцияға жәнеполиомиелитке қарсы бір мезгілде кешенді вакцинаменжүргізіледі. Бұдан әрі 6 жастағы балалар АбКДСкүшейткіш дозасымен егіледі.
Алдын алу шаралары:
– уақытылы медициналық көмекке жүгіну, өзін-өзі емдемеу, тек дәрігердің нұсқауы бойынша ем қабылдау;
– бөлмені жиі желдетіп, дымқыл тазалау жүргізу;
– жөтелген кезде ауызды жабу, қолды жиі жуу;
– ата-аналарға науқас балаларды ұйымдасқан ұжымдарға, мектептер жібермеу ұсынылады.
Вакцинация – аурудан қорғаудың жалғыз жолы, балаларыңызды уақытында вакцинациялаңыз!
Есіңізде болсын, ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған дұрыс!
Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы Г.Айымбетова
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!