Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша Кызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Кызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Жалағаш ауданының Мансап орталығы» филиалының директоры Телібаев Ғалымжан Қуанышұлы жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген аудан тұрғындары жұмыссыздық және әлеуметтік қамту мәселелерін көтерді. Аудан тұрғындарының мәселелерімен жеке жеке танысқан орталық директоры, өтініштердің оң шешілу тетіктерін қарастырды.
Жұмыссыздық мәселелері бойынша жүгінген өтініш иелеріне қоғамдық жұмыс ұсынылды. Сонымен қатар, мамандық бойынша жұмыс сұраған тұрғынның мәселесі назарға алынды. Ал, әлеуметтік қамту мәселелесін көтерген аудан тұрғынына партияның «Балаларды мектепке даярлайық» акциясы аясында мектепке қажетті оқу-құралдарымен қамтамасыз етілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!