Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 03:54

Мемлекет басшысы Сингапурдың үшінші Премьер-министрімен кездесті

24.05.2024

539

0

Мемлекет басшысы Сингапурдың үшінші Премьер-министрі, аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Азиядағы уақыт сынынан өткен сенімді серіктесі Сингапурмен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын атап өтті. Оның айтуынша, жуырда ел басшылығының ауысқаны Сингапур үшін маңызды кезең болды. Қасым-Жомарт Тоқаев осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Ли Сянь Лунды Сингапурдың аға министрі қызметіне кірісуімен құттықтады. Президент ел басшылығының үшінші буыны теңдікке, меритократияға, тиімді басқару мен әлеуметтік үйлесімділікке негізделген табысты әрі ұшқыр ойлы ұлт қалыптастыру секілді Ли Куан Ю мұрасының озық үлгісін сақтап, дамытып келе жатқанына назар аударды.

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Сянь Лунның 20 жыл ішінде Қазақстан мен Сингапур арасындағы жан-жақты серіктестікке айтарлықтай үлес қосқанын әрі еліміздің шынайы досы екенін айтты.

Ли Сянь Лун екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Сингапур Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті одан әрі жалғастыруға ниетті.

Кездесуде сауда-экономика, инвестиция, қаржы, көлік-логистика және гуманитарлық салалардағы ықпалдастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті бағыттары жан-жақты қарастырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: