Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сейсенбі, 05 қараша, 10:50

Мемлекеттік қызметшілер жеңіс тұғырында

13.07.2024

273

0

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы секілді. Оның ар-ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екенін қоғам бағалайды. Халық сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткеніне қарап нығаяды. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейкесті мәселелерін заң шеңберінде шешуі тиіс.

Мемлекеттік қызмет үшін имидждің функционалдық және мәртебелік мәні бар. Ол халықтың оған деген се­німінің көрсеткіші және мемлекет жүргізіп отырған басқару қызметтерін қайта құрудың тиімділігін қоғаммен баға­лануының өлшемі болып табылады. Сондықтан қо­ғамда мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру басты міндеттердің бірі болып табылады.

Осы орайда мемлекеттік қызметшілер күніне орай об­лыс әкімінің жүлдесі үшін облыстық, қалалық және ау­­­дандық жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері ара­сында дәстүрлі XXIX спартакиадасы өткен болатын. Спартакиада аясында шағын футбол, үстел теннисі, гір спорты, қазақ күресі, жүзу, тоғызқұмалақ, шахмат және волейболдан ұйымдастырылған жарысқа ауданнан 44 мемлекеттік қызметші қа­тысып, Жалағаштың намысын қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша аудан спортшылары шағын футболдан І орын, гір спортынан ІІ орын, шахмат, во­лейбол, тоғызқұмалақ және қазақ күресінен ІІІ орын алып, жалпы командалық есепте аудан құрамасы ІІ орынға ие болды. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орын­даумен қоса облыстық деңгейдегі спорттық іс-ша­раға бел­сенді қатысып, мемлекеттік органның оң имид­жін қалыптастыруға елеулі үлес қосқан мемлекеттік қызмет­шілерді аудан әкімі Ардақ Ибраимов қабылдап, алғыс хаттар табыстады.

– Бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуі, халықтың әл-ауқа­тының артуы, қоғамдағы бірқатар өзекті мәселенің жақсы жағынан шешілуі мемлекеттік қызметшілердің ең­бегіне тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік қыз­метті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қыз­мет­шілердің адамгершілігі мен моралдық-этикалық кел­бетіне үлкен талап қойылады. Біз осыны түсініп, өз ісімізге барынша жауапкершілікпен қарауымыз керек. Егер мақсатқа жетуді бүгіннен бастасақ, ел ертеңі жар­қын болмақ. Алдағы уақытта да ел абыройын көтеруде, дүбірлі додаларда жеңіс тұғырынан көріне бере­тін­деріңізге сенемін, – деді Ардақ Ибраимов.

Айта кетейік, спартакиадада ерекше ойын үлгісін көрсеткен ауданның 5 мемлекеттік қыз­метшісі облыс құрамасына алынды. Олар биыл 14-20 шілде аралығында Ақтөбе қа­ла­сында өтетін мемлекеттік қызметшілер арасындағы респуб­ликалық спартакиадада облыс намысын қорғайды.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: