Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-8°C

, Сейсенбі, 10 желтоқсан, 01:03

Мен өмірді қалаймын!

04.11.2024

257

0

Мен өмірді қалаймын таза нұрды.

Сәулесімен шуақ боп жанға ұрды.

Есірткісіз еркіндік таңын күтіп,

Болашағым болғай деп жарық күнді.

Зияны көп есірткі жанды бұзар.

Қуанышыңды жалмап, көңілді тұсар.

Дос пен туыс алшақтап елден кетіп,

Жалғыздықпен бірге ауыр мұңды қуар.

Сенімімді арқау қып жолға шықтым.

Есірткісіз өмірдің мәнін ұқтым.

Бос белеске берілмен, тірек тауып,

Жарық күнге қараймын еркін шықтым.

Денсаулығың күйзеліп құрып кетер.

Тән мен жаның азаптап ауыр етер.

Уы болсы есірткінің тек қана,

Әрбір күнің қасірет жаспен бітер.

Мен өмірді қалаймын еркіндікті.

Есірткісіз әлемде кең тірлікті.

Болашаққа сеніммен қадам басып,

Бақытты күн кешетін таза күнді.

Қызылорда облысы,

Жалағаш ауданы,

Ақсу ауылы,

№116 орта мектеп

8 сынып оқушысы

Бүркітбай Ақжүніс Русланқызы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: