Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:23

Неге 30 жастан кейін арықтау қиын?

18.10.2023

158

0

30 жастан кейін ағзада зат алмасуды баяулататын және арықтау процесін қиындататын өзгерістер болады. Неліктен 30 жастан кейін арықтау қиын? Бұл жайлы «Eat This, Not That» басылымына диетолог Эми Шапиро айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Эми Шапироның айтуынша, 30 жастан кейін бұлшықет массасы әр 10 жыл сайын 3-8%-ға қысқарады. Бұлшықеттер калорияны тиімді жағады. Ал денеде бұлшықет азайған сайын арықтау да қиындай түседі. Оған қоса, бұлшықет массасын жоғалту зат алмасуды баяулатады және диеталық өнімдер жесеңіз де артық килограмдар пайда болуы мүмкін.

Диетолог арықтаудың қиын бола түсуінің тағы бір себебі 40-50 жастан кейін болатын гормонды өзгерістер екенін айтты.

«Етеккір үзілісі кезінде әйелдерде эстроген гормоны түсіп кетеді, ал ол ішке май жиналуына ықпал етеді. Ерлерде тестостерон деңгейі азаяды, сондықтан оның май, бұлшықет массасы және күшке бөлетін реттеуші әсері түсіп кетеді», – деп түсіндірді Эми Шапиро.

Сондай-ақ маман артық салмақпен күресуге жиі нашар ұйқы кедергі болатынын ескертті. Ол арықтау мен түнгі демалыс арасында тікелей байланыс жоқ екенін, алайда ұйқының қанбауы тәбетті арттыратын грелин гормонының деңгейін көтеретінін айтты.

massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: