Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Жұма, 06 желтоқсан, 18:52

Оқу-жаттығу өтті

10.02.2024

479

0

Бейсенбіде ауданда «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығу барысында 2024 жылғы су тасқынында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күш-құралдарының дайындық барысы пысықталды.

Жалағаш кентінде Сырдария өзе­нінің жағалауында, Ақсу ауылдық ок­ругінде ұйымдастырылған оқу-жат­­тығу жұмыстарына Қызылорда об­лысы әкімінің орынбасары Бақыт Жа­ханов, Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов, Қызылорда облысы Тө­тенше жағдайлар департаментінің бас­тығы, полковник Руслан Қайрақбаев қатысып, ауданның азаматтық қорғау қыз­меттеріне, төтенше жағдай қызметі күш­теріне саптық қарау жұмысын жүргізді.
Оқу-жаттығу барысында Сыр­да­рия өзенінің арнасына толуы салда­рынан орын алуы мүмкін тасқынды жою мақ­сатында, қамыс, қада, құм қап­тар­мен бөгеу және осал аймақ­тарды күшейту жұмыстарына жеке құрам жұмыл­ды­рылды. Сонымен қатар, қоғамдық тәр­тіпті сақтау қызметі арқылы оқиға орны турникеттермен қоршалып, кү­зетке алын­ды. Инженерлік, өртке қарсы қыз­мет­тері мен барлау тобының құра­малары дамбының жырған жерлеріне құмды қапқа салып, бөгеу жұмыстарын жүргізді.
Оқу-жаттығу кезінде Ақсу ауылын­дағы Сырдария өзенінде сең жүру, мұз кептеліс әсерінен дария деңгейі көтеріліп, Ақсу ауылын су басу қаупі төнді. Қауіпті аймақта «Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ғима­раты, №116 орта мектеп ғимараты, Ақсу ауылдық клубы коммуналдық мем­­­лекеттік қазыналық кәсіпорыны ғи­­­мараттары орналасқандықтан, Көлік қыз­меті мен құтқару командасы бір­лесе отырып, тұрғындарды эвакуа­ция­лады.
Аудандағы №123, №31, №116 орта мектеп және Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің қыз­­меткер­лері эвакуацияланған адам­дарды қа­былдап, тиісті қызмет көр­сетті. Тө­тен­ше жағдай аймағына 244 жеке құрам, 93 бірлік техника жұмыл­дырылды.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: