Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Жексенбі, 21 шiлде, 23:54

Парламент мәжілісінің депутаттары Жалағаш ауданында

04.07.2024

224

0

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев іс-сапармен Жалағаш ауданында болып, «Руханият» орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды бір ортаға тоғыстырған «Руханият орталығының» құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында бастау алып, жоспар бойынша халық игілігіне 2025 жылдың қаңтар айында пайдалануға беру жоспарлануда. Жалпы ауданы 4850 шаршы метрді құрайтын нысан 2 қабаттан тұрады. Ғимараттың жалпы 1816 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Аман Құрылыс» ЖШС өкілдері атқарылуға тиіс жұмыстардың жоспар бойынша жүріп жатқандығын айтты.

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді, мемлекет қаржысын тиімді игеруді, уақытылы аяқтауды тапсырды.

Аталған құрылыс жұмыстарына аудан әкімі Ардақ Ибраимов, аудандық партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Елеусінов Өмірзақ, аудандық ардагерлер кеңесінің ардагерлері, аудандық партия филаилының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Сәбит Жанашев қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: