Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Жұма, 26 сәуiр, 12:29

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

15.08.2022

435

0

«AMANAT» партиясының бастамасымен еліміз бойынша сайлауалды уәделердің орындалу барысын жүйелі бақылап отыру мақсатында 400-ден партиялық бекет ашу жоспарлануда. Басты мақсат – құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ жалақының уақтылы берілуін бақылауға болады. Осы орайда, Жалағаш кенті «Ақтерек» учаскесіндегі сужинағыш мұнара құрылысына партиялық бақылау бекеті ашылды. Аталған жұмысшы топ құрамында Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, аудандық партия филиалы жананындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Ахан Кенжебаев, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Бақытбек Жүргенбаев, аудандық мәслихат депутаты Қайрат Досымов бар.

Сужинағыш мұнара құрылысында қазіргі таңда 20 қызметкер жұмыс жасауда. Жұмыстың 70 % орындалды. Адам өміріндегі басты құндылықтардың бірі осы – су. Сондықтан құрылыс жұмыстарын неғұрлым тез аяқтап, халық игілігіне беру. Әрине сапа бұл жерде бірінші кезекте. Жұмыс қарқыны жақсы. Материалдарда жеткілікті – деді учаске бастығы Сайманов Батырбек.

Жалағаш кентіндегі сужинағыш мұнара құрылысы 2022 жылдың сәуір айында басталды. Пайдалунға беру жұмыстары бекітілген жоспар бойынша ағымдағы жылдың қараша айы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: