Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

34°C

, Сенбі, 26 шiлде, 11:14

Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкімі шықты

25.07.2025

25

0

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен Перизат Қайратты 10 жыл, ал анасы Ғайни Алашбаеваны 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ 10 жыл қайырымдылық қаражаттарын жинаумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Тәркіленген мүліктері:

▪️ «Vela Village» коттедж қалашығындағы жеке үй;

▪️«Akbulak Riviera», «Sensata Plaza», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен тұрақ орындары;

▪️«Mercedes-Benz S450» 2024 ж., «Lexus LX 600» 2024 ж.;

▪️«Rebel Flowers» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% үлесі;

▪️97 млн теңгеден астам қаражат және 22 мың АҚШ доллары.

Айта кетейік, Перизат Қайрат пен анасына алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша айып тағылған еді. Қылмыстық іс материалдары 109 томнан тұрады. Іс бойынша 47 адам зардап шеккен. Келтірілген залал соммасы 3,5 млрд теңге.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: