Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:17

Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

19.10.2022

253

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша азаматтарды Қазақстан Республикасының Құтқарушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті достар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының «Құт­қа­рушы күні» кәсіби мерекесімен құттықтаймын!

Сіздер өз өмірлеріңізді қа­терге тігіп, үнемі төтенше жағ­дайда жұмыс істеп жүрсіздер. Бұл мәртебелі міндетті абыроймен атқарып келесіздер.

Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке және кез келген сынаққа дайын болу – төтенше жағдай қызметі мамандарына қойылатын басты талап. Табиғи және техногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәтте сіздерге үлкен жауап­кершілік жүктеледі.

Халқымыздың игілігі мен табиғатымыздың құнды­лық­тарын түрлі қауіп-қатерден қорғап, бүгінге дейін мыңдаған адамның ғұмырын сақтап қалдыңыздар. Сондықтан ерен еңбектеріңіз ең жоғары бағаға лайық.

Сіздер алдағы уақытта да қызметтік борыштарыңызды мінсіз атқарып, ел алдындағы маңызды миссияны жал­ғас­тыра бересіздер деп сенемін.

Жауапты жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға аман­дық тілеймін!», делінген Президент құттықтауында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: