Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Дүйсенбі, 06 мамыр, 11:37

Қарымды қаламгермен кездесу

24.04.2024

230

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Даму» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Кітап-АMANAT» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында кездесу өткізілді. Аталған кездесуді «Даму» бастауыш партия ұйымының төрағасы Эльмира Құттымбетова ашып, жүргізіп отырды.

Келелі кездесуде Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қызылорда облысының құрметті ардагері, Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы» Рысбай Кәрімұлының еңбектері насихатталды.
Қарымды қаламгер кездесу барысында түрлі тақырыпта жарық көрген кітаптарын таныстырып, әрбір еңбектің шығу тарихын айтып өтті.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қ.Ш.Мұстафаева келелі кездесуде көргені көп қарымды қаламгердің өмірлік тәжірибесінде өмірлік азық болар рухани құндылықтардың жатқандығын айтып, партияның «Алғыс» хатымен бағалы сыйлығын табыстады.
Жиын соңында қаламгер «Өмірімнің шындығы» атты кітабын оқырмандарға естелік ретінде аудандық кітапханаға қалдырды.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: