Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сейсенбі, 17 қыркүйек, 00:24

ҚАУІПСІЗ ГАЗ!

12.07.2024

209

0

Қазір халық баллонға сығымдалған пропан, бутан газдарын күнделікті тұрмыста ас әзірлеуге, үйжылытуға пайдаланады. Газды пайдалануда жіберген қателіктердің салдары адамдардың өмірі мен денсаулығына, үйіңізге үлкен апаттар әкелуі мүмкін. Бір адамның ұқыпсыздығынан, қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан көрші тұратын бірнеше отбасы қайғылы жағдайға тап болып, зардап шегеді. Қарапайым ғана ережелерді еске ұстамаған жандар орны толмас өкінішке ұрынып жатады. 

ҚР-ның 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес автогаз құю станцияларында сұйылтылған мұнай газын тұрмыстық газ баллондарға  құюға тыйым салынады. Мәселен, газ баллондарды толтыру станцияларында:

1) тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асыруға;

2) толтырылатын тұрмыстық баллондарды техникалық жарамдылық тұрғысынан тексеруге;

3) тұрмыстық баллондарды газ желісі ұйымының немесе газ толтыру пункті иесінің тауарлық белгісімен таңбалауды жүзеге асыруға;

4) тұтынушыларға сатылатын әрбір тұрмыстық баллонның сапасына кепілдік талонын беруге;

5) газ баллондары қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті екенін ескеру қажет.

Алайда тұтынушылар өздерінің тұрмыстық газ баллондарына автогаз құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын құйып қана қоймай, оған қоса құйылған газ қысымын нормалардан асыруды  сұрайды. Газ баллонын салқыннан жылы жерге кіргізген кезде баллондағы газдың көлемі ұлғайып, қысымы еселенуіне әкеледі. Осының салдарынан газ баллонынының түтігінен газ шығуы, тұтынушылардың газ иісінен улануы, тіпті жарылыс болған авариялық жағдайлар жиі кездесуде.

Жалағаш ауданы төтенше жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: