Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 02:19

ҚАУІПСІЗ ТАМАҚТАНУ-БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ

06.02.2024

358

0

Бүгін мектеп асханаларындағы ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді. Аталған зерделеу жұмыстарының мақсаты – шараға мектеп асханасындағы санитарлық талаптардың сақталуына орай аспазшылардың киім үлгілері, пайдалануға рұқсат етілген ыдыстар, мектеп асханасындағы қажетті құжаттар, асханада тағамдардың көршілестік орналасуы, ас мәзірі және тиым салынған тағам түрлері, өрт қауіпсіздігін алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Аталған зерделеу жұмыстары барысында мектеп асханаларындағы аспазшыларға дұрыс тамақтанудың ережелерін қатаң ұстауды, тиісті санитарлық талаптарды сақтау бойынша айтып өтті.
Зерделеу жұмыстарына Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракция жетекшісі Гүлзат Құрманбаева, аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов, аудандық білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов, Жалағаш аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Гүлзира Аймбетова, Жалағаш ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Назарқұлов Еркін, аудандық партия филиалының консультанты А.Ахметжамиев қатысты.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: