Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 17:28

Қазақстандық семсершілер тұңғыш рет Олимпиадаға 4 жолдама жеңіп алды

25.03.2024

485

0

 Семсерлесуден Грузияда өтіп жатқан әлем кубогының шешуші кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының төрт жолдамасын жеңіп алды деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі QRnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Қазақстан қоржынына Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Эльмир Әлімжанов Париж Олимпиадасының жолдамасын сыйлады.

Командалық жолдаманың арқасында 3 спортшымыз автоматты түрде жеке сайыста да Олимпиада жүлдесіне таласа алады. Бұған Оңтүстік Корея спортшыларының 1/8 финалда Чехиядан жеңілуі себеп болған. Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы рейтингте ТОП-4 мемлекеттің қатарына кірді.

Айта кетейік, Грузиядағы әлем кубогы кезеңінде семсерлесуден Қазақстан командасы Азия құрлығындағы жалғыз жолдамаға таласты. Әлемдік ұйым қағидасы бойынша, олимпиадалық рейтингте алғашқы төрт орында тұрған командалар автоматты түрде жазғы ойындарға қатысады. Ал қалған құрамалары құрлыққа бөлінетін бір жолдаманы сарапқа салды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: