Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Жексенбі, 21 шiлде, 23:57

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

13.06.2024

441

0

Бүгін Департамент бастамасымен Қоғамдық кеңес жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков, «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Л.Бақтыбаева, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Б.Әбдіқадыров, комиссия мүшелері және облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, жұмылдыру дайындығы және ветеринария басқармаларының басшылығы қатысты.

Отырыста, өңірлік Антикор басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков  «сейсмикалық қауіпсіздік» және «сібір жарасы қорымдары» салаларына қатысты жүргізілген мониторинг нәтижелері жөнінде баяндама жасады.

Аталған салалар бойынша туындаған мәселелер талқыланып, мониторинг нәтижесімен анықталған кемшіліктерді жою бойынша жергілікті атқарушы органдарға бірқатар ұсынымдар берілді.

Алдағы уақытта Департаментпен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлескен жұмыс жалғасатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: