Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 02:29

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

12.08.2022

384

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеген сәйкес аудан тұрғындарының жеке мәселесі бойынша Жалағаш аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Көшербаева Қуанышкүл Жүнісқызы қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген аудан тұрғындары жұмыссыздық және мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз несие туралы мәселелерді көтерді.
Қазіргі таңда елімізде кәсіппен айналысамын деген адамға қолайлы жағдайлар жеткілікті деңгейде жасалған. Осы орайда қабылдауға арнайы келген аудан тұрғынына қайтарымсыз несиелерді алу және тіркелу жолдары бойынша заң аясында құқықтық кеңестер берілді.
Жұмыссыздық мәселесін көтерген аудан тұрғындарына қоғамдық жұмысқа тіркелу ұсыныстары берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: