Қызылорда қаласында жылу беру маусымы 15 қазанға жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда жылу электр орталығы мекемесінің «Жылу жүйелері» бөлім басшысы Хасанғали Иманғалиев баяндады.
Жалпы қала бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне барлығы 1621 нысан қосылған. Бүгінгі таңда кәсіпорынның теңгерімінде 23 энергия өндіруші нысан бар.
Қызылорда қаласының жылу желілерінің тозуын азайту мақсатында 6 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында жалпы ұзындағы 9,5 км құрайтын жылу желілері қайта жаңғыртылуда. Сонымен қатар, кәсіпорынның өз қаражаты есебінен ұзындығы 4,3 км кварталаралық жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
— Қазіргі таңда магистралдық және кварталаралық жылу құбырларының тығыздығы мен беріктігін сынау үшін гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілуде. Егер күнтізбелік бес күн ішінде гирдрометеорологиялық қызмет тіркеген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10⁰ С және одан төмен немесе сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуі туралы болжам болған жағдайда қала әкімінің шешімімен жылу беру маусымы басталады. Биыл жылу беру маусымы 15 қазанға жоспарланып отыр, – деді бөлім басшысы Хасанғали Айғалиұлы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!