Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Сенбі, 25 мамыр, 17:23

Қызылордада еңбек және әлеуметтік қорғау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау басталды

14.05.2024

515

0

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау  комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.

Талдау шеңберінде халықты әлеуметтік қорғау шараларының қолжетімділігі, бюджетті жоспарлау және игеру, рұқсат беру және бақылау функцияларын жүзеге асыру мәселелері және басқалар зерделенетін болады.

Талдауға мүдделі мемлекеттік органдардың сарапшылары мен азаматтық қоғамның өкілдері шақырылады.

Осыған байланысты аталған мәселелер бойынша ақпаратты, шағымдар мен ұсыныстарды apvo.kzo@mail.ru электрондық мекенжайға немесе 23-06-96 нөмірі арқылы жеткізуге болады.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Желтоқсан 156А мекенжайы бойынша «Antikor Ortalygy» алаңы арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: