Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:18

Қызылордада мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаған кәсіпорын директоры сотталды

20.05.2024

61

0

Қызылорда облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру  департаменті жедел іздестіру шаралары нәтижесінде мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, иемдену және өткізуге қатысты қылмыстық істі анықтады. 

Атап айтқанда кәсіпорын директоры  мемлекеттік сатып алу порталында мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек саудада жеткізетін мекеме ретінде тіркеліп, Қызылорда облысындағы түрлі мемлекеттік мекемелерге шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз дизельдік отынын өткізіп келген.

Бағалық ұсыныс әдісін қолданып, ең төменгі бағаны ұсына отырып, конкурс жеңімпазы атанып, 17 мемлекеттік мекемелермен келісім шартқа отырған.  2022-2023 жылдар аралығында бірнеше келісім шарттар негізінде жоғарыда көрсетілген мекемелерге 254 млн. теңге сомасына 639 тонна дизель отыны жеткізілген. Онын ішінде шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз 140 млн. теңгеге 269 тонна дизель сатылған.

«Сотталушының кінәсі куәлердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен және сот сараптама институты сарапшысының қорытындысымен толық дәлелденді. Сотпен мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдап, иемденіп, сақтап және өткізгені үшін кәсіпкер А.У. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 197 бабы 4 бөлігінің 2) тармағы (мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз аса ірі мөлшерде және бірнеше рет тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) және 218 бабы 3 бөлігінің 3) тармағымен (қылмыстық жолмен алынған ірі мөлшердегі ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру) көзделген заңсыз әрекеті үшін сотпен  5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген департаменттің таратқан хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: