Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сәрсенбі, 25 маусым, 00:03

Қызылшадан сақтанудың жолы қандай?

24.06.2025

11

0

Қызылша – жедел жұқпалы ауру. Негізгібелгілеріқызу көтеріліптеріде бөртпелерпайда болыпкөзі қызарыптыныс ағзаларызақымданады. Ауру тек науқас адамнанжұғады. 

Қызылша жасырын кезеңінде 9-11 жалпы 15-21 күнге созылуы мүмкін. Алғашқы белгілері: қызуыкөтеріліп, әлсізденіп, тамаққа тәбеті нашарлап, мұрнынан су ағып, ащы жөтел пайда болып, көзіқызарып қабынады. Одан жұмсақ және қатқылтаңдайда теңбіл бөртпелер пайда болады.

Қызылша бөртпелерінің ерекшелігі бірінші күнібөртпе бетте, мойында, екінші күні бөртпелерденеде, қол, сан терілерінде, үшінші күні балтыр, аяқтарда шығады. Бөртпелер көлемі 2мм болып, кейде бірнешеуі бірігеді, дегенмен әрбір бөртпелерарасында таза тері көрініп тұрады. 3-4 күнненкейін бөртпелер бозарып, орны қоңырланып, жұқақабыршықтар қалады. Қызылшаға көздің қызарып, қабынуы, ірің шығып, таңертең кірпіктерін ашудыңқиындығы, мойын артында, қолтық бездерініңүлкеюі, ұстағанда ауырсынуы тән. Кейде өкпедесырыл естілуі, кейбір науқастың іші ауырып, аздапөтуі мүмкін. Қызылша асқынғанында ағзаныңорталық жүйке жүйесінің жұмысы зақымдалып, жүйкенің қабынуынан өзгерістер көп болады.

Аурудың алдын алу шаралары; үй жайларын жиіжелдету және ылғалды тазалау, науқастарды ерте, дер кезінде анықтау (балалар, жүкті әйелдер) жәнеегу жұмыстарын жүргізу.

Қызылша ауруын алдын алу үшін уақытылы егужұмыстарын жүргізу, үйде қызылшамен ауырғаннауқас болғанда қарым-қатынасты шектеу қажет.

Егу күн тізбегінде 1 және 6 жасқа толғанбалаларды қызамыққа, қызылшаға қарсы егужүргізіледі. 30 жасқа дейінгі еліміздің барлықтұрғындары қызамыққа, қызылшаға қарсы вакцина алуға болады.

Г.Айымбетова – Жалағаш аудандық СЭБ басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: