Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сейсенбі, 21 мамыр, 22:48

Су тасқынынан сабақ алуымыз керек

06.04.2024

330

0

Қазір су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылған. Кешегі Президент Үндеуінде осыны естіп, көңіліміз бір жайлап қалды. Бірақ ахуал әлі де күрделі. Сондықтан тасқын су басқан аймақтардағы ағайынның жайына әлі де алаңдап отырғанымыз өтірік емес.

Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы. Иә, Үндеуде Қасым-Жомарт Кемелұлы осылай деді. Сондай-ақ Президент асқын мемлекет зардап шеккен бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайтынын да нақты айтты. Яғни тасқын судың беті қайтса, елдің материалдық шығындары толық өтеледі.

Бұл мәселемен Қазақстан бірінші рет бетпе-бет келіп отырған жоқ. Жыл сайын көктем басталысымен бірқатар өңірде осы мәселенің туындайтыны өтірік емес. Сондықтан Мемлекет басшысы айтқандай, алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығару керек. Олқылықтарды түзетіп, кемшіліктерден сабақ алмасақ, алдағы жылдары да мұндай мәселемен әлі талай бетпе-бет келуіміз ғажап емес, сондықтан Президент сөзінен сабақ алған абзал.

Ғалымжан Ержанов

аудандық мәслихат депутаты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: