Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:10

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бүгінгі күннің басты талабы

26.04.2024

216

0

Мемлекеттік стретегияның негізгі басымдықтарының бір – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтамыз.

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлескен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыр және алдын-алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Жалағаш аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Еркін Назарқұлов сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша аталған бөліммен профилактикалық шаралар өткізіледі, сонымен қатар, 4 қызметкер жұмыс жасайтындығын және №11 өрт сөндіру бөлімінде 35 қызметкер, 3 өрт сөндіру техникасы барын айтып өтті.

Аталған жиынға Жалағаш аудандық партия филиалының консультанты Асхат Ахметжамиев қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: