Бүгін Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Еркін Назарқұловтың төрағалығымен «AMANAT» партиясының Жалағаш аудандық филиалында дөнгелек үстел өткізілді. Мақсаты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметкерлер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау және жол жүрісі қағидаларының талаптарын түсіндіру мен жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында профилактикалык іс-шара өткізілді. Аталмыш іс-шараға «AMANAT» партиясының Жалағаш аудандық филиалының консультанты Ахан Кенжебаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!