Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 05:58

Сырбойылық жастар форумда басқосты

07.12.2022

1630

0

 Сыр елінде түрлі салада табысты қызмет атқарып жүрген жастар бүгін «Жасампаз шақ – жастық шақ» атты форумда басқосты.

Басқосуға білім, ғылым, медицина, ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік, өнер мен спорт саласында аймақ абыройын асырып жүрген жастар жиналды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев форумға арнайы қатысып, жастармен еркін бағытта пікірлесіп, ұсыныстарын тыңдады.

Аймақ басшысы алдымен жастардың озық идеяларына негізделген арнайы көрмені аралап, өз кәсібін бастаған, инновациялық идеяларды іске асыруға ниетті оқушылар мен студенттердің жобаларын көрді.

Форумда сөз алған облыс әкімі туған жерін дамытуға жанашыр, озық идеяларды іске асыруға ниетті әрбір жасқа қолдау болатынын тілге тиек етті.

“Аймақ тұрғындарының 21 пайызын құрайтын жастар өкілдерін қолдау мақсатында биылғы жылы бюджеттен 500 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Осының нәтижесінде аймағымызда маңызды әрі жастардың сұранысына сай бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Аймақта сұранысқа ие мамандықтар бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан және көп балалы отбасынан шыққан балаларға арналған облыс әкімінің 100 гранты тағайындалды.

Ғылыми қызметке тартылған жастар санын арттыру, жас ғалымдардың ғылыми жобаларын қаржыландыру жұмыстары қолға алынды.

Елімізде қоғамдық және қайырымдылық істердің басында Сыр еріктілері қай кезде де белсенді түрде атсалысып келеді. Олардың көмегімен жыл басынан бері 6 жарым мыңға жуық мұқтаж отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді,-деді Н.Нәлібаев.

Форумда жастар саясатының дамуына үлес қосып, еңбегімен көзге түскен бірқатар жас облыс әкімінің және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Кешкі кездесуде «Аслан Films» киностудиясының директоры, кинопродюссер Жасұлан Алдабергенов, «Бала Орда» бағдарламасының авторлары Мақсат Серікбаев және Сәуле Қалыбай және ғалым Нұрбол Аппазов киноиндустрия және жаңа медиа, білім мен ғылым саласын дамытуда өзіндік идеяларымен бөлісті.

Форумда жас ақындар Мақсат Дауылбай мен Мөлдір Айтбай өлең оқып, «АДС» тобы және Жарасхан Төлебай өнер көрсетті.

318247172_445393894448527_1942906897883153101_n.jpg
317758738_445413937779856_6310921575655155757_n.jpg
317752304_445412461113337_2692780141676235421_n.jpg
317704555_445412421113341_3926069829842212365_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: