Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сейсенбі, 21 мамыр, 20:03

Талай қасіретті артта қалдырған ұлы халықтың ұрпағымыз

06.04.2024

284

0

«Ел басына күн туса, ер етігімен күн кешер». Өткен ғасырлардағы аштық, сұрапыл соғыс, экономикалық тоқырау еліміз үшін оңай болмағаны тарихтан белгілі. Қазіргі таңда елдігіміз сыналатын уақыт деп айта аламын. 10 аймағымызда төтенше жағдай жарияланды. Иә, тибиғи апат айтып келмесі анық. Су басқан өңірлердегі ағайындарымызға сабыр, күш-қайрат тілеп, Алладан дұға етеміз.

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аталған апат бойынша халыққа үндеу жолдады. Отандастарымыз үшін алаңдап отырған біз үндеуді көрдік. Көңіліміз жайланды, Президент Үкіметке мықтап тұрып тапсырды. Зардап шеккен барша азаматқа қаржылық және басқа да көмек көрсетілетінін жеткізді.

Иә, зардабымен күресті бір адамға тапсырып қояға да болмайды. Бірлік болмай тірлік болмас, елім деп жұмылған істің нәтижесінде көптеген қасіретті артта қалдырған ұлы халықтың ұрпағымыз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы.

Садық Әлиев,

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: