Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сәрсенбі, 09 қазан, 11:41

Тасқын судың алдын алуда нақты шаралар қолға алынуда

06.04.2024

490

0

Қазір су тасқынына байланысты елімізде күрделі жағдайлар орын алуда. Соның салдарынан бірнеше өңірді су басты, Әлбетте бұл – табиғи апат. Бүгінгі Үндеуінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмағанын айтты. Шындығында, мұндай ірі табиғи апат елімізде 80 жылдан бері болмаған.

Қазір тасқын суға байланысты еліміздің 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Себебі әлі де Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарында мәселе күрделі.

Президент бұған дейінгі штаб отырысында қалыптасқан олқылықтарға байланысты атқарушы органдаркемшілікті түзеу үшін нақты тапсырма берген. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда. Үндеуде тасқын судың алдын алуда нақты шаралар қолға алынғанын естіп «қауіптің беті қайтар» деген үміт пайда болды.

Жалпы қазақ бұған дейін де талай қиын-қыстау кезеңдерді еңсерген. Бұл да бір үлкен мәселе. Ал оны еңсеруде бірінші кезекте бізге бірлік керек. Елдің ынтымағы бұзылмаса, қиын шақта бір-біріне қолдау білдірсе, біз алмайтын қамал жоқ.

Кенжеғара СҮЛЕЙМЕНОВ,

аудандық алқа-билер кеңесінің төрағасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: