Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сейсенбі, 14 қазан, 13:27

Таза Қазақстан: экологиялық бірегей жоба

14.10.2025

8

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауларында экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау мәселесін күн тәртібінен түсірген емес. «Таза Қазақстан» – уақытша науқан емес, халқымыздың экологиялық мәдениетін арттыратын, қоғамның санасын жаңартатын маңызды жоба. Тазалық – қоршаған ортаның да, ой-сана мен рухтың да тазалығы» деп атап өткен болатын.

Мұнан кейін «Таза Қазақстан» рес­пуб­ликалық экологиялық акциясы ел кө­лемінде үлкен қозғалысқа айналды. Ак­цияның мақсаты – елді мекендерді, өзен-көлдерді, орман алқаптарын, жол бойларын тазалау, көгалдандыру, тұр­­ғын­­дар­дың табиғатқа деген жауапкерші­лі­гін арттыру, ең бастысы, экологиялық мә­дениетті қалыптастыру.
2024 жылы акция бұ­рын-соңды бол­маған көлемде өтті. Эко­ло­гиялық және табиғи ресурстар ми­нис­тр­лігі мен жер­гілікті әкімдіктердің ұй­ым­­­дас­ты­руы­мен барлық өңірде экологиялық сенбі­ліктер өткізіл­ді. Акцияға миллион­нан ас­там азамат қа­­тысты. 1159 тон­на­дан астам қоқыс жи­нал­ды. 1609 мың­нан аса ағаш көшеттері егілді. Эко­­логиялық нормаларды бұзған 105 де­рек анықталды. «TazaQazBot» элек­трон­ды плат­формасы іске қосылып, 7929 өті­ніш қабылданды, оның 7061-і орын­дал­ды. Бұдан бөлек мектептер мен кол­ледждерде экологиялық тәр­бие са­ғаттары өткізілді. Қала мен ауыл тұрғын­дары ара­сында табиғатты қорғауға ба­­ғыт­тал­ған түсіндіру жұмыстары кү­шей­тілді. Акция аясында қалдықтарды сұ­­­рып­тау және қайта өңдеу мәдениеті қа­лыптасты.
Қызылорда облысы да «Таза Қазақ­стан» экологиялық акциясына белсенді атса­лысып келеді. 2024 жылы облыс бойынша 200 мыңнан астам тұрғын акцияға қатысып, 9 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды. Тек об­лыс орталығында ғана емес, барлық ауданда сенбі­ліктер ұйымдастылып, өзен-көлдер мен су арналары тазар­тыл­­ды, 505 саябақ, 225 тарихи ескерткіш ау­мағы, 791 әлеу­меттік нысан, 24 445 кө­ше мен аула қалыпқа келтірілді.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әр елді мекеннің тазалығы, сәулетті көркі тұр­­ғындардың жанашырлығына бай­ла­нысты екенін айтып өтті.
– Тазалық пен тәртіп – кез келген ай­мақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындардың мәдениеттілігінің өл­­шемі. Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Кемелұлы «Қалалар мен ауыл­дар­дың сәулетті, саябақтар мен ауланың та­за болуы, ең алдымен басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қо­ғам­дық орындар мен қоршаған ортаға жа­нашыр көзбен қарауға тиіс» деген бо­латын. Біздің айналамыздағы игіліктер адам­дар үшін жасалған. Тазалық – біз үшін басты құндылық. «Ауылына ­қа­рап, аза­матын таны» дегендей, әр елді ме­­кеннің тазалығы, сәулетті көркі тұр­ғын­дар жанашырлығына байла­нысты. Се­бебі әр көшенің, әр үйдің, әр ауланың та­­за­лығы – тұтас қала мен ауылдың ай­насы,– деді облыс әкімі.
Қызылорда қаласында «Қызылорда та­залығы» мекемесі мен ерікті жастар то­бы бірігіп, көктем мен күз айларында кең көлемде тазалық айлығын өткізді. Ау­дан­­­дар арасында «Үлгілі ауыл», «Таза кө­ше» байқаулары ұйымдастырылып, же­­­­­­ңімпаз елді мекендерге коммуналдық тех­­ника табысталды. Жа­ңақорған ауда­нында 800-ден астам сен­­­­білік өткізіліп, 7 мыңнан астам ағаш егіл­­ді. Қазалы мен Шиелі аудандарында өзен жағалаулары тазартылды, жастардың қа­­­­­­тысуымен «Эко­-­марафон» акциясы ­өт­ті.

Игі дәстүр биыл да жалғасты

«Таза Қазақстан» – тек сенбілік емес, қоғамның экологиялық сана-се­зі­мін арт­­тыруға бағытталған қозғалыс» де­­­ген бо­латын Мемлекет басшысы.Биыл бұл игі бастама жаңа серпінмен жал­ға­­сын тапты. 2025 жылдың алғашқы жар­тыжылдығында ел көлемінде 405 іс-шара ұйымдастырылып, акцияға 1,4 мил­­лионнан астам адам қатысты. Оның ішін­де 82 мыңға жуық ерікті белсенділік танытты. Акция шеңберінде республика бойынша 121 мың тоннадан астам қал­дық жиналды, 584 мың гектар аумақ та­зартылды, 1,7 миллионнан астам ағаш пен көшет отырғызылды. Бұл атқа­рыл­ған жұмыстар ел азаматтарының та­би­ғатқа деген жауапкершілігінің жо­ғары екенін және экологиялық мәде­­ниеттің ар­­т­қанын көрсе­теді.
Қызылорда облысында 2025 жылы «Таза Қазақстан» акциясына 730 мыңға жуық тұрғын қатысты. Акция аясында об­лыс аумағынан 27 мың тоннадан ас­там тұрмыстық қалдық шығарылып, елді ме­кендердің көшелері, өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандардың айналасы тазартылды. Соның ішінде, 505 саябақ пен сквер, 225 тарихи нысан, 791 әлеу­меттік мекеме, 4596 өндірістік және кәсіп­тік нысан, 322 су айдыны, 47 мыңнан ас­там көше мен аула аумағы бар. Бұл жұ­­мыстарға 540-тан астам техника тар­ты­лып, өңірдің барлық ауданы мен ауы­лы белсенді қатысты.
Бүгінде табиғатты көгалдандыру ба­ғытында да ауқымды істер атқарылып жатыр. Об­лыс көлемінде 240 мыңнан ас­там ағаш көшеттері егілді. Оның ішінде Сыр өңіріне тән қарағаш, терек және Сыр талы секілді түрлері бар. Қызылорда қа­ла­сында Президент саябағы мен Ден­сау­лық саябағы біріктіріліп, 64,5 гектар демалыс аймағы жаңартылуда. Сонымен қатар Қорқыт ата мемориалды аллеясы қайта абаттандырылып, жаңа ағаштар мен гүлзарлар отырғызылды. Қала ау­ма­ғында 8 балалар ойын және спорт ала­ңы, жарық және орындықтар орна­тылды.
«Таза Қазақстан» – табиғатты сақтау мен туған өлкені көркейтуге бағытталған елдік бастама. Қызылорда облысы бұл бағытта үлгі боларлық еңбек көрсетіп жүр. Облыста «Таза бейсенбі», «Жасыл мектеп», «Эко сенбілік» сияқты тұрақты бастамалар жүзеге асырылып келеді. Туған жердің әрбір ауласын таза ұстау – әр азаматтың парызы. Бірлігі бекем, та­биғаты таза елдің келешегі де жарқын болмақ.

«Таза Қазақстан»:
ауданда ауқымды жұмыс бар

Еліміздің әр өңірінде жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы қоғам өмірінің маңызды дәстүріне айналып үлгерді. Табиғатты аялау – ұрпақ болашағына қо­­сылған үлкен үлес. Осы орайда Жа­лағаш ауданы тұрғындары бұл игі бас­таманы жауапкершілікпен қабылдап, ту­ған жердің көркін сақтау шараларында бел­сенділік танытып келеді.
Акция басталған сәттен-ақ Мыр­за­бай ахун ауылындағы №122 орта мек­тептің жасыл клуб мүшелері 2024-2025 оқу жылында «Экологиялық таза өмір сүремін» атты экочеллендж ұйым­дас­тырды. Бұл – ауыл тұрғындары мен оқу­­шылар арасында экологиялық мәде­ни­ет­ті қалыптастыруға бағытталған игі бас­тама.
Ауылдардың да дамуына ерекше на­зар аударылды. Мәселен, Еңбек ауыл­дық округіне кіреберіс арка салы­нып, мем­лекеттік рәміздер алаңы, автотұрақ, жа­яу жүргіншілер жолы салынды. Ба­ла­ларға арналған жаңа ойын алаңы да ашы­лып, ауыл келбетін айшықтай түсті.
Сонымен қатар «Таза Қазақстан» рес­публикалық экологиялық жобасы ая­­сында Жалағаш ауданының барлық ел­ді мекендерінде санитарлық тазарту, көр­кейту-көгалдандыру жұмыстары жүр­гі­зілуде.
– Тазалық пен табиғатты қорғау – бар­шамыздың ортақ міндетіміз. Ауда­ны­мызды көгалдандыру, көркейту бағы­тын­­дағы бұл бастама – тек бір реттік ша­ра емес, тұрақты түрде жалғасатын жү­йелі жұмыс. Экологиялық мәдениетті қа­­лып­тастыруда әр азаматтың үлесі ма­ңыз­ды,– деді аудан әкімі А.Ибраи­мо­в.
Республикалық экологиялық бас­та­­ма шеңберінде ауданда да ағаш отыр­ғызу ша­расы өтті. Акцияға аудан әкімі Ар­дақ Иб­раимов, еңбек ардагерлері, эт­нос өкіл­дері, кент тұрғындары мен ерікті жас­­тар қатысты. Акция барысында ау­дан бойынша жалпы саны 2500 түп ағаш көшеті отырғызылып, 24 ар­найы тех­никаның көмегімен 35 тонна қо­қыс қалдықтары белгіленген орын­дар­­ға шығарылды. Аудан әкімі акция­ның маңызына тоқталып, жауапты меке­ме­лерге егілген көшеттерді күтімге алу бо­йынша нақты міндеттер жүктеді. Бұған де­йін аудан әкімінің тапсырмасына сәй­­кес, аудан мекемелеріне тал егу жә­не көгалдандыру үшін арнайы жер те­­лімдері бөлінген болатын. Бұл ба­ғыт­та белсенділік танытқан аудан­дық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі қар­жылай сертификатқа ие болды. Аудан әкімі Ардақ Ибраимов акцияға белсене атсалысқан мекеме қызметкерлері мен тұрғындарды марапаттап, үлес қосқан жандарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол табиғатты аялауға үн­дей­тін игі істер алдағы уақытта да жағасын та­батынын айтып, жүйелі жұмыстар жүр­гізетінін жеткізді.
«Таза Қазақстан» халықаралық дең­гей­дегі экологиялық қозғалыстардың ұлт­тық үлгісі іспеттес. Әлемдік таза­лық күні 2008 жылы Эстониядан бас­та­лып, бүгінде 180-нен астам елде өт­­кізіледі. «Таза ел» 2018 жылдан бері Ре­сейдің экология және табиғи ре­сур­с­­тар министрлігінің бастамасымен жү­зеге асырылып келеді. «Таза Корея» қоз­ғалысы 1990 жылдан бері жүргізіліп ке­леді. Соңғы жылдары елде «қал­дық­сыз өмір» мәдениеті кең та­ралған.
«Таза Қазақстан» – елге ауадай қа­жет бастама. Табиғатты қорғау – ұлт­тық мәдениет, жауапкершіліктің ай­насы. Та­за орта қалыптастыру жо­басы осы құн­­дылықты дәріптеп, қоғам санасына экологиялық тәрбие сеуіп жүр. Әр өңірде ат­қарылған істер елдің ортақ игілігіне айналып, туған жердің көркін арттыруға жол ашып келеді. Бұл бастама – келе­шек ұрпаққа таза табиғат, жасыл ел қал­ды­р­удың ұтымды қадамы.

Гүлжан Есжан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: